Байланыс>>
Қазақстан Жазушылар Одағы
Қазақстан Жазушылар Одағының құрылуы

1932 жылы 9 мамырда БК(б)П-ның Қазақстан Өлкелік Комитетінің секретарияты «Көркемөнер мен әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып ақын Ілияс Жансүгіров тағайындалды.

Сол жылы 26-31 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар Одағы ұйымдастыру комитетінің 1 пленумы өтті. Пленумда І.Жансүгіров «Әдеби ұйымды қайта құру және Қазақстан жазушыларының міндеттері», Ғ.Мүсірепов «Қазақ жазушыларының жаңа шығармалары», М.Баталов «Қазақстан орыс әдебиетінде» деген баяндамалар жасады.

1934 жылы 12-18 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақстан жазушыларының 1 съезі өтті. Съезді С.Сейфулин кіріспе сөзбен ашты. Съезд І.Жансүгіровтың «Қазақ кеңес әдебиетінің бүгінгі күйі, сынының сабақты мәселелері», М.Әуезовтың «Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері», О.Бековтың «Қазақ театры мен драматургиясының өсу белеңдері», С.Мұқановтың «Қазақ поэзиясының халі және келешектегі міндеттері туралы» баяндамаларын талқылады. Съезде Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы болып ақын Ілияс Жансүгіров тағайындалды.
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ Алматы қ. Абылай хан көшесі, 105
Яндекс.Метрика
Хатшылық құрамы Жаңалықтар Фотогалерея Қазақстан жазушылар одағының мүшелерi