Байланыс>>
Қазақстан Жазушылар Одағы
Қаллеки театры – 25
Қалыбек – Қалибек – Қаллеки Қуанышбаев өзін қазақ өнеріне қырық жылға жуық арнаған тұста 150-ден астам рөлде ойнапты. Олардың қай-қайсысы да өз бояуы, өз нақышымен ерекше дараланған толымды бейнелер. Сондай бір кесек образдың бірі – Мұхтар Әуезов пен Соболев бірігіп жазған пьесасындағы Абай рөлі болды. Бұл рөлді бес жылдан кейін кинода қайтадан ойнағанда режиссер Г.Л.Рошаль: «Қалибекпен қызметтес болу басшы адамға бір зор бақыт екен ғой», – депті. Сөйтіп, кезіндегі «пері Қалибек» уақыт өте келе «Сахна піріне» айналып шыға келеді.
Сол Қа­ли­бек Қуаныш­баев атындағы ака­демиялық му­зыкалық дра­ма театры Ас­танада. Өз шы­мылдығын 1991 жылы 15 қара­шада Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақ­тоқтысымен» ашқан еді. Одан бері ас­қан асу аз емес. Оның бірі – театр 1996 жылы Уфадағы Түркі­тілдес мем­лекеттер арасында өткен халықаралық «Туғанлық» фести­валінде Ш.Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясын көрсетіп, лауреат атануы. Ерке Есіл бойындағы осынау өнер ордасы­на Жақып Омаров, Қадыр Жетпісбаев, Әзірбайжан Мәмбетов жетек­шілік еткен-ді. Аталмыш театр Тәуелсіздіктің құрдасына айналумен қатар, қазақ көрерменіне көптеген тың туынды мен сәтті спектакльдер ұсы­на алған ұжым ретінде танымал. Осы орайда Қалибек Қуаныш­баев атындағы академиялық музыкалық драма театрын 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отыра, көлемді дү­ниені алдағы нөмірлердің бірінен оқи алатындарыңызды ескертеміз.
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ Алматы қ. Абылай хан көшесі, 105
Яндекс.Метрика
Хатшылық құрамы Жаңалықтар Фотогалерея Қазақстан жазушылар одағының мүшелерi