Байланыс>>
Қазақстан Жазушылар Одағы
Жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМГЕРЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМГЕРЛЕР!

Үстіміздегі жылдың 29 қараша күні сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Тәуелсіздік – Ұлт рухының бастауы» атты Пленум өтеді. Барша қаламгер қауымды осы жиынға шақырамыз.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының секретариаты.

11 Қараша 2016


Қаллеки театры – 25

Қаллеки театры – 25

Қалыбек – Қалибек – Қаллеки Қуанышбаев өзін қазақ өнеріне қырық жылға жуық арнаған тұста 150-ден астам рөлде ойнапты. Олардың қай-қайсысы да өз бояуы, өз нақышымен ерекше дараланған толымды бейнелер. Сондай бір кесек образдың бірі – Мұхтар Әуезов пен Соболев бірігіп жазған пьесасындағы Абай рөлі болды. Бұл рөлді бес жылдан кейін кинода қайтадан ойнағанда режиссер Г.Л.Рошаль: «Қалибекпен қызметтес болу басшы адамға бір зор бақыт екен ғой», – депті. Сөйтіп, кезіндегі «пері Қалибек» уақыт өте келе «Сахна піріне» айналып шыға келеді.
11 Қараша 2016


Президент кубогы – Сөз  өнерінде

Президент кубогы – Сөз өнерінде

XIX «Шабыт» Халықаралық шы­­ғармашылық жастар фести­ва­лі өз мәресіне жетті. Алдымен Аста­надағы Қазақ Ұлттық өнер уни­верситетінде фестивальдің жеңім­паздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
11 Қараша 2016


БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашық білім беру ұлттық платформасының тұсаукесу рәсімін өткізді. Алғашқы отандық онлайн-білім беру платформасын құру бастамасына ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін мамандарды даярлап жатқан университеттермен қоса Қазақстанның 12 жетекші жоғары оқу орны қосылды.
11 Қараша 2016


«Оралман»

«Оралман»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай түсірілген «Оралман» толықметражды көркем фильмі Bekmambetov cinema кинотеатрында БАҚ өкілдеріне көрсетілді.
Кинотуынды ХХ ғасырдың 30-шы жыл­дары туған жерінен кетуге мәжбүр бол­ған, алайда ондаған жылдар өткен соң елі­не қайта оралған қандастарымыз жайлы.
11 Қараша 2016


Венгрия Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті орталығы ашылды

Венгрия Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті орталығы ашылды

Әдебиет орталығының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов, Сечени атындағы Венгрияның Ұлттық кітапханасының дирек­торы Ласло Туске, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қызметтерінің басшылары Күляш Оразова, Майра Ермекбаева, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Қазақстандық әдебиеттер орталығының ашылуы – бұл Венгрия оқырмандарына Қазақ елінің сан алуан саладағы жетістіктерін көркем әдебиет арқылы жеткізудің ұтымды тәсілі.
11 Қараша 2016


ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ ЖЫР

ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ ЖЫР

Алматы облысының «Тамшыбұлақ» әдебиетшілер қауымдастығы мен Дәнеш Рақышев атындағы қордың ұйымдастыруымен қазақтың жезтаңдай әншісі, сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышұлының туғанына 90 жыл толу мерейтойына орай «Ән қанатындағы жыр» атты республикалық жазба ақындар байқауы Талдықорған қаласында дүркіреп өтті. 
11 Қараша 2016


КІТАП – ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА

КІТАП – ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА

Ұлттық кітапханада Парламент мәжілісінің көшпелі отырысы өтіп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмыс тобы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы бойынша маңызды сұрақтарды талқылады. 
04 Қараша 2016


Сұлтанәлінің Сыр бойындағы мерейтойы

Сұлтанәлінің Сыр бойындағы мерейтойы

Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы Төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы-драматург, профессор Сұлтанәлі Балғабаев жақында ғана Алматы қаласында 70 жасқа толған мерейтойын салтанатпен атап өткен еді. Қаламгердің бұл мерейтойы енді туған жері – Сыр бойында қазан айының 24-26 күндері одан әрі жалғасты. Мерейтой Қызылорда облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы университеттің Студенттер сарайында «Сұлтанәлі Балғабаев – драматург, жазушы, публицист» атты ғылыми-танымдық конференциямен басталды.
04 Қараша 2016


Қазақстан әдебиетінің орталығы

Қазақстан әдебиетінің орталығы

Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы жиырма бес елде Қазақстан әдебиетінің орталығын ашу жұмысын қолға алған. Бүгінге дейін мұндай орталық Кореяда ашылған еді. Малайзия, Ұлыбритания және алыс-жақын шетелдермен қосымша келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді міне, Бішкекте өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер зиялыларының XI Форумы аясында Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.
04 Қараша 2016


ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ Алматы қ. Абылай хан көшесі, 105
Яндекс.Метрика
Хатшылық құрамы Жаңалықтар Фотогалерея Қазақстан жазушылар одағының мүшелерi