Байланыс>>
Қазақстан Жазушылар Одағы

Қазақ әдебиетi

Әдебиет, мәдениет және өнер газеті. 1934 жылғы 10 қаңтардан шыға бастады. www.qazaqadebieti.kz

Жұлдыз

Әдеби көркем қоғамдық-әлеуметтiк журнал.
1922 жылдан шыға бастады. №4

Простор

Литературно-художественный ежемесячный журнал. Издается с 1933 года. №5
МАРАПАТТАУ
О.О. Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы.

АҚЫННЫҢ АРҒЫМАҚ ДӘУІРІ

Олжас Сүлейменов жасындай жарқ етіп, әдебиет әлеміне келгелі тұп-тура елу бес жыл болды.
Ғарышқа алғаш адам ұшқан 1961 жыл­дың сәуірі адамзат ғұмырна­ма­сын­да жаңа дәуірдің ғана емес, тарихқа алпысыншы жылғылар деген айбынды, айдынды атпен  еркін енген асау толқын­ның атақты өкілі Сүлейменов Ол­жас есімді 25 жасар ақынның да томағасын қалай сыпыр­ғаны ел есін­де, тарих жадында. Тұяғы­ның дүбірі алыс­тан жетіп, алысқа кетер ақынның бү­гінгі арғымақ  дәуі­ріне бастау болған сол сәулелі сәуір­ден бері де тұп-тура елу бес жыл өтті.



ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМГЕРЛЕР!
2016 жылдың 27 мамырында сағат 10.00-де дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы өтеді.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының секретариаты. 



«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ
Жуырда «Ұлы Дала тарихы» атты түрлі-түсті безендірілген кітап-альбом жарыққа шықты. Еңбекте Қазақстанның көне дәуірден бастап бүгінгі заманға дейінгі тарихы жөніндегі тың дүниелер көптеп қамтылған. Археологиялық экспедициялар кезінде түсірілген фотосуреттердің көпшілігі әлі еш жерде жарық көрмеген және ғылыми айналымға түспеген құнды дүниелер болып табылады.

«ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫ – НЕМІС ТІЛІНДЕ
Қазақтың  ақтаңгер ақыны Ілияс Жансүгіровтің   «Құлагер» поэмасы  неміс тіліне  тәржімаланды.  Оны неміс жазушысы Герт Хайденрайх аударды. Кітап Қазақстан Гете институтының демеушілігімен Германиядағы «Buchergilde» баспасынан жарық көрді.
Жаңа кітаптың неміс тіліндегі нұсқасы Германияның Лейпциг қаласында алғаш оқырман қауым­ға таныстырылып, тұсауы кесілді.  Аталмыш кітаптың еліміздегі тұ­сау­кесері осы жылдың  25-27 мамыр аралығында Астана мен Алматыда өтеді. Іс-шараға аударма жұмыстарына қатысқан  аудармашылар тобы мен Ильфа Ілиясқызы шақырылды. 



«АнАрыс» баспасы
Сатылымдағы кiтаптар
Тағылым
Барлық тізім..
Жаңа кiтап
«Рауан»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»  бағдарламасы бойынша  Алматыдағы  «Ан Арыс» баспасынан  ақын Бүбішхан Тікебаеваның «Рауан»  атты жаңа өлеңдер жинағы жарық көрді. Автордың бұл кітабына ауылдың тыныс-тіршілігі мен өмір өзгерістерін және қилы тағдырларды арқау еткен өлеңдері топтастырылған.
Барлық тізім..
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ Алматы қ. Абылай хан көшесі, 105
Яндекс.Метрика
Хатшылық құрамы Жаңалықтар Фотогалерея Қазақстан жазушылар одағының мүшелерi